$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ертең біраз өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

01.05.2026ж. 22:40
Ертең біраз өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Фото: pixabay

Сенбі күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар, еліміздің бірқатар өңірінде бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.

Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, ал елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Көктемнің жылы күндеріне қарамастан, еліміздің солтүстік және батыс бөліктерінде түнде үсік жүреді. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-2 градус үсік сақталады.

Ауа райының құбылмалылығымен қатар, еліміздің оңтүстік және орталық өңірлерінде өрт қаупі жоғары болып тұр. Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында жоғары өрт қаупі жарияланды. Ал Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.