$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қытайдың Сиань қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі басталды

02.05.2026ж. 13:22
Қытайдың Сиань қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі басталды
Фото: ҰОК

Алғашқы жарыс күнінде Виктор Друзин ұлттық құрама қоржынына қола медальді салды.

Отандасымыз техникалық соло бағдарламасында 232.5350 ұпай жинап, үшінші орын алды.

Дәл осы сайыста Алдияр Рамазанов жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші сатыға тұрақтады.

Ұлыбритания өкілі Ранджуо Томблин алтын медаль жеңіп алды - 245.6850. Екінші орынға қытайлық Муе Го жайғасты - 245.2684.

Айта кетейік, байрақты бәсеке 3 мамырға дейін жалғасады.