$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оқушыларға арналған қаржылық сауаттылық бағытындағы республикалық олимпиада өтіп жатыр

02.05.2026ж. 14:08
Оқушыларға арналған қаржылық сауаттылық бағытындағы республикалық олимпиада өтіп жатыр

2026 жылғы 2-6 мамыр аралығында Астана қаласындағы №56 мектеп базасында 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиаданың IV кезеңі ұйымдастырылады. Қорытынды кезеңге еліміздің барлық өңірінен іріктелген 144 оқушы қатысуда.

Олимпиаданың мақсаты - қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бағытында терең білім, білік және дағдыға ие дарынды оқушыларды анықтау, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында қаржылық мәдениетті қалыптастыру және кеңінен насихаттау.