$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Құтқарушылар 14 адамды эвакуациялады

02.05.2026ж. 15:47
Құтқарушылар 14 адамды эвакуациялады
Фото: pixabay

Ақтау қаласында, 31-шағынауданда орналасқан алты қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс жану оқиғасы орын алды.

Оқиға туралы хабарлама жедел қызметтерге түскеннен кейін, оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.

Өртті сөндіру және барлау барысында құтқарушылар үйден 14 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Өрт қысқа мерзімде сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.