$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Польшада тұтқындалған Қазақстан азаматы бостандыққа шықты

02.05.2026ж. 12:31
Польшада тұтқындалған Қазақстан азаматы бостандыққа шықты
Фото: Ақорда

Польша Республикасында бұған дейін тұтқындалған Қазақстан азаматы 28 сәуір күні бостандыққа шықты.

Бұл шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен Қазақстан тарапынан азаматтардың, соның ішінде шетелдегі отандастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде қабылданды,-деп жазды Айбек Смадияр Telegram арнасында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, күрделі жағдайда екі елдің өзара ынтымақтастығын атап өтті. Сонымен қатар Ресей Президенті Владимир Путинге оң нәтижеге ықпал еткені үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ Президент Польша Президенті Кароль Навроцкий мен Премьер-министр Дональд Тускке орын алған жағдайға байланысты қабылданған шешімі үшін ризашылығын білдіріп, хат жолдамақ.