$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Президенттің БАҚ саласындағы 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарына өтінім қабылдау басталды

Президенттің БАҚ саласындағы 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарына өтінім қабылдау басталды
Фото: Ақорда

БАҚ саласы бойынша Мемлекет басшысының 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ Алғысын алуға үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталды. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Жекелеген журналистер мен шығармашылық ұжымдарды бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар ұсына алады.

Ерекше ескерерлік жайт, үміткерлерден 2025 жылғы 1 маусым мен 2026 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады.
Құжаттарды 2026 жылғы 10 маусымға дейін өткізуге болады.