Жетісу облысы Жоңғар Алатауының баурайында алманың арғы тегі саналатын Сиверс ағашы бүршік жарды. Осыған орай өңірде ауқымды мерекелі фестиваль өтті.
Табиғаттың әсем көрінісін тамашалауға келгендердің қатарында отандастарымызбен қатар Қырғызстан, Қытай, Түркия, Америка азаматтары да бар.
Фестиваль аясында мәдени шаралармен қатар спорттық ойындар, қолөнер көрмесі және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Табиғат жанашырлары Қазақстандағы ең әсем табиғи құбылыстардың бірін тамашалап, тау бөктеріндегі таза ауада уақыт өткізуге мүмкіндік алды.