$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Көркем жүзуден отандастарымыз Сианьдағы әлем Кубогының кезеңінде тағы 3 жүлде иеленді

Көркем жүзуден отандастарымыз Сианьдағы әлем Кубогының кезеңінде тағы 3 жүлде иеленді
ҰОК

Сиань қаласында көркем жүзуден (синхронды) әлем Кубогының үшінші кезеңі өтуде, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

Байрақты бәсекеге 21 елден 150 спортшы қатысуда. Ұлттық құрама сапында 20 атлет өнер көрсетіп жатыр.

Жарыстың екінші күні отандастарымыз тағы үш жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, Виктор Друзин ерлер арасындағы еркін бағдарламада (соло) қола медаль иеленді. Сонымен қатар, дәл осы сында бақ сынаған Эдуард Ким бесінші орынға тұрақтады.

Сондай-ақ аралас техникалық дуэт сайысында Ясмин Исламова мен Алдияр Рамазанов күміс медаль еншілесе, Артур Майданов пен Айғаным Саим жұбы қолаға қол жеткізді.

Айта кетейік, жарыс 3 мамырда аяқталады.