$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстандық жас теннисші Қытайдағы турнирде топ жарды

Қазақстандық жас теннисші Қытайдағы турнирде топ жарды
теннис федерациясы

Қазақстандық жас талант Ахмәди Маханов Қытайдың Чэнду қаласында өткен ITF World Tennis Tour Juniors J60 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, бұл жеңіс отандасымыздың халықаралық деңгейдегі кезекті жетістігі.

14 жастағы Ахмәди шешуші бәсекеде Қытай Тайбэйінің өкілі Маомен кездесті. Ойын барысында қазақстандық спортшы айқын басымдық танытып, екі сет қорытындысы бойынша 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Ахмәди Маханов бұған дейін де әлемдік сарапшылардың назарына іліккен болатын. 2025 жылы ол Tennis Europe Tour шешімімен «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» марапатына ие болған. Сондай-ақ Ахмәди Еуропадан тыс аймақтағы ең үздік жас теннисшілердің бірі ретінде танылды.

Бұл жеңіс қазақстандық теннистің болашағы зор екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.