$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мәжіліс төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды

05.05.2026ж. 17:40
Мәжіліс төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды
Фото: NEGE.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
 

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 8 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.