$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан әлемде алғаш болып «Comtrux» брендін іске қосты

Қазақстан әлемде алғаш болып «Comtrux» брендін іске қосты

Қазақстан Messe Frankfurt компаниясының жаңа Comtrux брендін іске қосқан әлемдегі алғашқы ел болды. Осылайша  коммерциялық көлік пен логистика саласындағы ірі халықаралық жобаны бастап берген тұңғыш мемлекет ретінде тарихқа енді. Көрменің ашылуына бірнеше министрлік өкілдері мен оннан астам елдің дипломаттары қатысты. Көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен келген 147 компания өз өнімдерін ұсынды. Мұнда алып жүк көліктері мен тіркемелерден бөлек, заманауи жол-құрылыс техникалары мен «жасыл» технологиялар жұртшылық назарына ұсынылды. Сондай-ақ, автопаркті басқаруға арналған жасанды интеллект жүйелері де көрсетілді. Айта кетейік, көлік саласына соңғы жылдары 35 миллиард доллардан астам инвестиция құйылған. Ал алдағы бес жылда бұл салада 65 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

МАЙКЛ ЙОХАННЕ, "MESSE FRANKFURT" КОМПАНИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүгін Messe Frankfurt жаңа Comtrux брендімен халықаралық көрмені іске қосуда. Біз Қазақстанды саналы түрде таңдадық: Орта дәліз Еуропа мен Германия үшін стратегиялық маңызы жоғары бағытқа айналды, ал Қазақстан оның дәл ортасында орналасқан. Президент Қасым-ЖомартТоқаев басшылығымен ел құрлықтық маңызы бар транзиттік-логистикалық хаб ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді. Бұл жолда Messe Frankfurt үшін Үкіметпен, саламен және халықаралық серіктестермен бірлесіп жұмыс істеу үлкен мәртебе.

ТАЛҒАТ ЛАСТАЕВ, ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Логистика - Мемлекет басшысы айқындаған басты басымдықтардың бірі. Еуропа, Азия, ТМД және Парсы шығанағы бағыттарының тоғысында орналасқан Қазақстан транзиттік әлеуетін нақты нәтижелерге айналдыруда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 35 млрд доллардан астам инвестиция тартылды, ал алдағы бес жылда көлік кешені шамамен 65 мың жаңа жұмыс орнын құрады. Comtrux Astana және Eurasian ConstructionTechnologies - мемлекет, бизнес және технологиялар тоғысатын, сондай-ақ елдің көлік саласының ұзақ мерзімді күн тәртібі қалыптасатын маңызды алаң.