$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақ жігіт Лондонда мэр болды

08.05.2026ж. 16:02
Қазақ жігіт Лондонда мэр болды
фото: instagram.com/sanabishev

Қазақстанда туған Санжар Әбішев Лондондағы беделді Сент-Джеймс ауданының мэрі болып сайланды. Ол Ұлыбританияның Консервативтік партиясы атынан түсіп, қарсыласынан 350 дауыспен басым түскен. Сайлау нәтижесін қазақстандық кәсіпкер Қанат Көпбаев әлеуметтік желіде бөлісті.

Санжар небәрі 33 жаста. Ол Лондондағы атақты Malvern колледжін, сосын университет бітіріп, енді қалалық Westminster City council атқарушы органына мүше болып енді.