$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жыл басынан бері «AMANAT» партиясының елордалық филиалына тұрғындардан 673 өтініш түскен

AstanaTV
08.05.2026ж. 19:00
Жыл басынан бері «AMANAT» партиясының елордалық филиалына тұрғындардан 673 өтініш түскен

Жыл басынан бері «AMANAT» партиясының елордалық филиалына тұрғындардан 673 өтініш түскен. Оның ішінде 258 мәселе оң шешімін тапса, 407 өтініш бойынша азаматтарға құқықтық бағыт-бағдар беріліп, партия тарапынан қолдау көрсетілген. Қалған 8 өтініш кезең-кезеңімен шешіліп жатыр. Халықпен кері байланысты нығайту мақсатында елордадағы базарлардың бірінде кезекті көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Кездесуге қалалық әкімдік, тұрғын үй инспекциясы мен денсаулық сақтау басқармасы секілді 13 мекеменің өкілі қатысты. Бұл - Мемлекеттік органдарға баруға уақыты жоқ саудагерлер мен тұрғындар үшін мәселесін сол жерде шешуге бағытталған тиімді мүмкіндік. Іс-шара алдағы уақытта қаланың өзге де сауда орталықтарында өткізілмек.

МҰХАММЕД БОЛЫСБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Осы қоғамдық қабылдау, яғни тұрғындармен кері байланыстың екі механизмі бар. Яғни халықтың бізге келуі, енді біз халыққа баруымыз керек. Осындай ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, мынау қалалық базарда жұмыс жасайтын азаматтар белгілі бір құзырлы органдарға баруға, жеке мәселесін шешуге уақыт таба алмайды, уақыт бола бермейді. Сондықтан да біз осындай ашық есік күндерін өткізгенде олардың ризашылығын алып, көп мәселелерді осы жерге келу арқылоы, біз арқылы жауабын алып жатады. Сондықтан халықтың ортасына бару - бізді негізгі тетіктеріміздің бірі.

МЕЙРАМ АБДРАХМАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Астаналық базарына өз еркіммен, случайно келіп қалып едім. Мұнда "AMANAT" партиясы мемлекеттік органдарды жинап, халықпен кездесу ұйымдастырып жатыр екен. Мен өзім жеке кәсіпкермін, өзімде көп мәселелер бар жұмыс бойынша. Соны Еңбек инспекциясы мен Управление жильяға сұрағымды қойып шешіп алдым, рақмет.