$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанда «Әділет» саяси партиясы құрылды

Қазақстанда «Әділет» саяси партиясы құрылды

Елімізде жаңа саяси партия құрылды. «Әділет» деп аталатын партияның құрылтай съезі өтіп, төрағасы сайланды.  Делегаттар Айбек Дәдебайдың   кандидатурасын бір ауыздан қолдап, партияның бағдарламасы мен жарғысын бекітті.  

АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жаңа Конституция – біздің тарихи мүмкіндігіміз, оның қағидалары – болашағымыздың бағдары. Сол бағдарды нақты халқымызға пайдалы мазмұнмен толтыру Сіз бен біздің міндетіміз. Оның өзегі мынада - заң үстемдігін сақтау, заңды құрметтеу, сонда ғана заң бәріне бірдей болады.

Партия саяси жауапкершіліктің жаңа стандартын ұсынып отыр. Енді сайлаушылар алдында әрбір уәде бойынша тұрақты есеп берілмек. Сонымен қатар, адами капиталды нығайту, білім мен ғылымды дамыту және медицинаны адам денсаулығына бағытталған жаңа модельге көшіру - басты басымдық.

АЙДАРБЕК АЙТПУКЕШЕВ, ДЕЛЕГАТ:

Еліміздегі қоғамдағы үлкен өзгерістердің бірі жаңа конституцияның қабылдануы. Бұл Конституцияның өзегі адамға бағытталған. Жалпы, Қазақстанда әділетті қоғамды қалыптастыру. Оны дамыту мақсатындағы ойлар осы жаңа құрылғалы жатқан «Әділет» партиясымен үндесіп тұр. Заң аясында барлық әрекеттеріміз болуы керек. Сонда ғана Әділетті қоғам қалыптасады.