$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шымкент тұрғындары Отан қорғаушылар күнін ерекше атап өтті

Шымкент тұрғындары Отан қорғаушылар күнін ерекше атап өтті

Отан қорғаушылар күнін Шымкент тұрғындары мен қонақтары ерекше атап өтті.  Орталық алаңда әскери қызметшілердің  салтанатты  шеруі ұйымдастырылды. Бұдан бөлек көпшілік патриоттық рухты әндерді тыңдап, бір серпіліп қалды.

«Астана» алаңындағы көрініс бөлек. Жауынгерлік рух есіп тұр. Бұл жерге Шымкент гарнизонының барлық әскери түрлері жиналды.

Қаз-қатар тізілген отан қорғаушылар мұнан соң қару ұстауды  қаншалықты шебер меңгергендерін байқатып,  қоян-қолтық ұрысын көрсетті. Жас сарбаздардың әскери біліктілігін байқауға ардагерлер  арнайы қатысты.

СЕРІКБАЙ ОҢБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бірнеше арнайы лаборатория, мини заводтар ашылып, жауынгерлеріміз қазіргі таңда өзіміздің дрондарымызды шығарып жатырмыз. Ол дегеніңіз болашақта біздің қарулы күштер онсызда жылдағы өтіп жатқан дүниежүзілік жарыстарда Қазақстан артиллерия, миномет, снайпер дайындықтарынан дүниежүзі бойынша 1 орында келе жатқанбыз. Міне әуе қорғаныс күштері, соғыс теңізі флотының жарыстарында 2-орын дедік. Міне, құдай қаласа барлық жағынан бірінші орынға шығамыз ба деп үміттенеміз. Өйткені қазақтың жігіттері қайсар жігіттер.

Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру жауынгерлердің хорымен жалғасты.  Қала тұрғындары рухты оятатын патриоттық әндерді тыңдап, бір серпіліп қалды.

НАЗИРА ӘДІЛБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Менің ұлым Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің 1 курс студенті. Өкінбейм ешқандай сол колледже менің балам түлек болып жатқанына. Сабағы да жақсы, білімі де жақсы. Спорт жағынан да жақсы.

Айта кетейік, биыл Қазақстанның «Қарулы күштеріне» 34 жыл. Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.