Каспий теңізінің жағалауында патрульдеу жүргізу барысында ТЖМ құтқарушылары жағадан шамамен 400 метр қашықтықта ашық теңізде қалған адамды байқады.
Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетіп, қайықтағы ер адамды жағаға жеткізді.
Белгілі болғандай, ер адам мотор орнатылмаған қайықпен суға шыққан. Күшті желдің салдарынан қайықты ағыс пен жел ашық теңізге қарай алып кетіп, ол өздігінен жағаға қайта орала алмаған.
Құтқарылған азамат медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.