Қызмет барысында патрульдік полиция қызметкерлеріне ер адам жүгініп, жұбайының толғағы басталғанын және оны шұғыл түрде перзентханаға жеткізу қажеттігін айтқан.
Жағдайды дереу бағалаған тәртіп сақшылары уақыт жоғалтпай көмекке кірісті. Арнайы жарық және дыбыс белгілерін қосқан патрульдік көлік қала көшелеріндегі қозғалысты жедел еңсеріп, әйелді перзентханаға қауіпсіз әрі дер кезінде жеткізді.
Нәтижесінде әйел медициналық көмекті уақытылы ала алды.
Отбасы мүшелері полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдіріп, мұндай қолдаудың қиын сәтте ерекше маңызды екенін атап өтті.