$489.36 €533.45 ₽4.99
×

«Қазинвестбанктің» активтерін «Альфа Банк» алды

AstanaTV
23.05.2017ж. 20:00
2445
«Қазинвестбанктің» активтерін «Альфа Банк» алды

Банкрот деп танылған «Қазинвестбанктің» салымшылары қаражатын келесі айдан бастап алады. Банктің активтерін «Альфа банкінің» алғаны белгілі болды. Бұл туралы Алматыда "Қазинвестбанктің" уақытша әкімшілігі мәлімдеді. Экономистердің есептеуінше, банктің балансына 20 млрд теңге көлемінде қаражат аударылған. Қаржы институтының жеке тұлғалар алдындағы қарызы 8 млрд теңгеге жуықтайды. Жеке салымшылар өз қаражатын маусым айынан бастап алса, заңды тұлғалар салымы банктің мүліктерін сатудан түскен қаражаттан қайтарылмақ. Сондай-ақ "Альфа банкке" "Қазинвестбанкке" салынған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 3 млрд теңгесі де беріледі.

Андрей Елхов, «Альфа Банк» АҚ басқарма мүшесі:

Біздің мәліметіміз бойынша, Қазақстанда активтеріне сенім артатын қаржы инситуттары көп емес. Сол сияқты біз де "Қазинвестбанкке" күмәнмен қарадық. Бірақ зерттей келе, ол жерде 4-5 млрд теңге көлемінде сенімді активтердің бар екеніне көз жеткіздік. Сондықтан осы қадамға барып отырмыз.

Ал "Қазинвестбанктің" бұрынғы жетекшілеріне қатысты қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр. Нақты процессуалдық шешім қабылдау үшін іс сотқа жіберіледі, - дейді «Қазинвестбанк» акционерлік қоғамы уақытша әкімшілігінің жетекшісі Джемма Зинуллина.