Қытайдан ЭКСПО-2017 көрмесіне келуге ниетті қонақтардың сапарына орай бірқатар проблемалар туындап тұр. Бұл туралы Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі мәлімдеді.
Дипломаттың сөзінше, жазда көрмеге келетіндерге арнап қосымша Бейжің-Астана әуе рейсі ашылмақ. Себебі елімізге ресми делегациядан өзге, тағы 24 провинциядан көптеген кәсіпкерлер келіп, жасыл технология төңірегіндегі жұмыстарын көрсетуге ниетті. Олардың әр-бірінде 200-250-ден делегаттар бар, - дейді елші. Алайда, Қазақстан тарапынан әр делегацияға жеке шақыртуларды кім рәсімдейді деген сұрақтың жауабы әлі табылмай тұр.
Чжан Ханьхой, ҚХР-ның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
Делдалдардың
қызметін ұсынып отырмыз. Бірақ, олар 1500 юаньнан кем сұрамайды, ол 67 мың
теңгеге жуық. Бұл тек шақыртулар үшін. Виза бұған енбейді. Мен Қазақстан тарапынан осы жұмысқа
қызығушылық танытқан ұйымдармен келіссөз жүргізуге дайынмын. Бұл үкіметтен де, ЭКСПО-дан да, СІМ-нен де
емес, бір ұйымнан ресми шақырту болуы керек.
Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ