$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада «Көкжиек» балалар дамыту орталығы ашылды

AstanaTV
14.05.2026ж. 19:00
Астанада «Көкжиек» балалар дамыту орталығы ашылды

Астанада балаларға арналған «Көкжиек» атты жаңа даму орталығы ашылды. Жоба қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып отыр. Орталыққа балалар 4 жастан бастап қабылданады. Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен ой-өрісін дамытуға арналған түрлі үйірмелер қарастырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат - жас буынның жан-жақты дамуына мүмкіндік беру.

АРМАН ӘУБӘКІР, ОРТАЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ:

Әлеуметтік бағыттарға көбірек көңіл бөлеміз деп отырмыз. Оның ішінде инклюзия бар көпбалалы отбасылар деген сияқты. Орталықта би өнері, шахмат, домбыра, ағылшын тілі, сурет, қазақ тілі сияқты сан тарапта. Тұлға ретінде дамуға көңіл бөлсек деп отырмыз.