$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Доллар қымбаттады

14.05.2026ж. 17:15
Доллар қымбаттады
фото: pixabay

14 мамырда Қазақстанда доллар 6 теңгеге қымбаттады. 

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа өлшемді бағамы 6,18 теңгеге көтеріліп, 474,04 теңге болды.  

Ұлттық банктің 14 мамырға арналған ресми бағамы - 467,63 теңге.

Алматы қаласындағы ақша айырбастау пунктеріндегі орташа бағам – сатып алу: 473,01 теңге; сату: 475,48 теңге.

Астана қаласындағы ақша айырбастау пунктеріндегі орташа бағам – сатып алу: орташа есеппен 469,50 теңге; -сату: 476,50 теңге.