$455.12 €498.99 ₽5.55

Көкшетауда күдіктіден 300-ден астам есірткі орамы тәркіленді

Көкшетауда күдіктіден 300-ден астам есірткі орамы тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің жедел жұмысының нәтижесінде таратуға дайындалған психотроптық заттары бар 300-ден астам түйіншектің есірткі тұтынушыларына жеткізілуіне жол берілмеді

Кезекті ұстау Көкшетауда жүргізілді. Жедел қызметкерлер 36 жастағы жергілікті тұрғынды қамауға алды, ол қойма-ораушы рөлін атқарды. Полиция қызметкерлері одан психотроптық затпен, ал оның тұрғылықты жерінен 300-ден астам алдын ала оралған есірткіні тапты, деп хабарлайды Astana TV. 

Сонымен қатар тінту барысында синтетикалық препараты бар пластик ыдыстар, буып-түю материалдары, электрондық таразылар және жасырын орындардың координаттары бар дәптерлер тәркіленді. Барлық табылған зат сараптамаға жіберілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, тәркіленгеннің жалпы салмағы әр түрлі психотроптық заттардың жарты килограммынан асады.

Полицейлер анықтағандай, қатысушы төрт айға жуық есірткіні заңсыз таратумен айналысқан. Алдымен ол есірткіні жасырын салушы болып жұмыс істеді, содан кейін қойма-ораушы рөліне ауысты: ол қапталмаған заттардың партияларын алатын, дозаларды өз бетінше дайындап, жасырын орындарды жабдықтайтын, кейіннен олар басқа жасырын салушыларға берілді. Ер адам өзінің заңсыз қызметі үшін криптовалютада төлем алған. 

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, құқыққа қайшы қызметтің барлық мән-жайлары және ықтимал қатысушылары анықталуда.