$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркі мемлекеттері ұйымы - бауырлас елдерді біріктіретін бірегей ұйым

Түркі мемлекеттері ұйымы - бауырлас елдерді біріктіретін бірегей ұйым

Түркі мемлекеттері ұйымы - бауырлас елдерді біріктіретін бірегей ұйым. 17 жылда ол қалыптасу кезеңінен өтіп, беделді халықаралық институтқа айналды.  Түркі инвестициялық қоры арқылы бірлескен жобалар қаржыландырыла бастаса, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры бауырлас халықтардың ортақ құндылықтарын қорғауға жол ашты. Мұның бәрін және алдағы ұзақ мерзімді мақсаттарды жүйелейтін «Түркі әлемінің келешегі - 2040» бағдарламасы бекіді. Бұл қадамдар түркі жұртының әр салада иық тіресе әрекет етіп, болашаққа бірге қадам басқанының айқын дәлелі.   

АЙЗАДА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

2009 жылы Кеңес ретінде құрылып,  2021 жылы Ұйым мәртебесін иеленді. Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі бүгінде халықаралық белді ұйымға айналған.   Ұйымға мүше бес елдің саяси экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланысы бекем.

Жыл сайын саммит аясында маңызды құжаттар қабылданып, түркі әлемі үшін өзекті мәселелер талқыланады.  Биыл да ортақ мүдде  жолындағы  стратегиялық бағыттар бір арнада тоғысты.

БАУЫРЖАН ӘУКЕН, ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ  ЖЕТЕКШІ САРАПШЫСЫ: 

Бұл Қазақстанға яғни біріншіден, қазіргі геосаяси дағдарыс кезінде , экономикалық дағдарыс кезінде диалог алаңы, бірінші ретте. Екіншіден, қазір мына экономикалық,  транспорттық мәселелердің  туып отыруы кезеңінде орта дәліздің әлеуетін әрмен қарай ілгерілетуге септігін тигізеді. Үшіншіден, Түркістанда өтіп жатқан саммиттің тақырыбы өте өзекті.

«Жасанды интеллект және цифрлық даму». Бұл жалғыз Қазақстанның ғана емес, түркі мемлекеттерінің, сонымен қатар  Орталық Азия елдерінің цифрлық әлеуетінің артуына үлкен  септігін тигізеді дейді сарапшылар. Технология дамыған заманда мүмкіндікті мейлінше пайдалану қажет. Жасанды интеллект арқылы жаңа жобалар жасалуыда.  Соның бірі - электронды кітапхана.

ХАЛИЛ ЧЕТИН, ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ ТҮРКІТАНУ ҒЫЛЫМИ -ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Электронды библиотека құрған кезде оны түрік мемлекеттері оның ішіне кіріп, интернет болған жерде любой жерде  өздерінің қалаған кездерінде кіріп, керекті ақпаратты алады. +бұл мемлекеттің бір басқа мемлекетке барып, ол жақтан бір кітап алып, болмаса бірдеме алып уақыт өткізбей бір базаның ішінен тікелей алып көрсетеді. Сол кезде түрік мемлекеттерінің бір-біріне қарым-қатынасы, ғылым жағынан бірін бірі жоғары шығаруы өте жақсы мүмкіндік береді.

Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми кездесуі аясында шаһарда ауқымды мәдени-туристік іс-шаралар да ұйымдастырылды. Осы ретте қолөнершілер қалашығы түркі дүниесінің бай мәдени мұрасын тоғыстырған ерекше рухани алаңға айналды. Бұл туристерге ұлттық өнердің қыр-сырын тереңірек тануға мүмкіндік береді. Мұнда жергілікті шеберлерден бөлек шетелден келген 17 қолөнерші өз туындыларын таныстырып, ұлттық өнердің терең тамыры мен заманауи үндестігін көпшілікке көрсетті.

МИРМАХСУТ РАХЫМБАЕВ, ӨЗБЕКСТАНДЫҚ  ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ:

30 жылдан бері қолөнермен айналысамын. Біз түркі елдері ұйымдарының мүшесі ретінде, ағайын елдер ретінде бір-біріміздің дәстүрімізбен, өнерімізбен тәжірибе алмасып отырғанымызға өте ризамын. 

АЙЗАДА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Саммит аясындағы мәдени-туристік іс-шаралар ертең де жалғасады. Соның бірі қолөнершілер қалашығы маңында жәрмеңке өтеді.