Қызылордада бұрын пайдаланылмаған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу қолға алынуда. Ол Harvest Agro жобасының негізінде жүзеге асырылады. Мамандар оған заманауи су үнемдеу технологиясын қолданып жатқанын айтады.
¤Жоба 300 000 гектар жерді суару жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. Жалпы инвестиция көлемі - 1,4 млрд АҚШ доллары. Бірінші кезең бойынша 8 700 га аумақта жүгері мен мақсары егу жұмыстары жүргізілді. Үш этаптық жобада ауқымды зауыт салу да қарастырылған.
МЕЙІРБЕК ЖӘНІБЕК, «HARVEST AGRO» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨНДІРІСТІК ДИРЕКТОРЫ:
Қара сора екпекшіміз. Техникалық қара сора дейді. Одан сыпыртқы бір бөлек. Екінші бөлігі волокноны бөліп тастаймыз. Волокнодан қағаз жасалады, композитный материалдар жасалады. Содан кейін мата жасалады.
Егіс алқаптарын суару жүйесі цифрлық технология негізінде автоматтандырылған. 142 жаңбырлатқыш қондырғы орнатылды. Бұл су тұтынуды 30%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді дейді мамандар.
ҒАЛЫМЖАН ІЗТІЛЕУОВ, «HARVEST AGRO» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АГРОНОМЫ:
Суды үнемдеп мол өнім алуға септігін тигізетін технология. Табиғи климаттық жағдайларды, топырақтың ылғалдылығын, құнарлылығын, тұздардың жиналуын, микроэлементтердің, қоректік элекменттердің болуын барлығын ЖИ комегімен, арнайы құрылғылардың көмегімен басқарылып отыратын болады.
Жоба аясында өңір тұрғындары үшін 100-ден астам жұмыс орны құрылды.