$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қаламгердің шаңырағына барып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыс етті. Мемлекет басшысы ел тарихында есімі алтын әріппен жазылған ақынның өмір жолы Отанға адалдық пен жоғары азаматтық ұстанымның жарқын үлгісі екенін жеткізіп, Олжас Сүлейменовке зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Алматы әкімі  әдебиетті, қоғамдық ой мен ядролық қаруға қарсы қозғалысты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс білдірді. Қаламгердің бастамасымен құрылған «Невада-Семей» қозғалысы ядролық сынақтарға қарсы күрестің символына айналып, Семей ядролық полигонының жабылуына маңызды рөл атқарғанын жеткізді.