Бүгін -халықаралық музей күні. Осыған орай Премьер-министрдің орынбасары-мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сала қызметкерлерін құттықтады. Министрдің сөзінше, қазір музей жай ғана жәдігер сақтайтын орын емес, ұлттық болмысымызды қалыптастыратын заманауи орталыққа айналды. Бүгінде елімізде 286 музей бар және оларға жыл сайын 6 жарым миллионнан астам адам барады. Сала заман ағымына сай цифрлық жүйеге көшіп жатыр. «E-museum» жобасы арқылы еліміздің түкпір-түкпіріндегі музейлер бір желіге біріктіріліп, жәдігерлердің үш өлшемді модельдері мен виртуалды турлары іске қосылды.
АИДА БАЛАЕВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:
Мемлекет басшысының бастамасымен тарихи сананы жаңғыртуға, мәдени мұраны сақтауға және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге айрықша көңіл бөлініп келеді. Жаңа Конституциямыздың құндылықтар жүйесінде мәдениет, білім, ғылым және инновация адам капиталын дамыту мен жасампаз қоғам қалыптастырудың маңызды негіздері ретінде ерекше мәнге ие болды. Сондықтан қазіргі музей – мұраны сақтайтын орын ғана емес, тәрбие, ағарту және ұлттық болмысты нығайту ісінің маңызды арқауы.