$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Елімізді көркейту өзімізден басталады",-депутат

AstanaTV
18.05.2026ж. 19:00
"Елімізді көркейту өзімізден басталады",-депутат

Таразда  «ТАЗА QAZAQSTAN» экологиялық акциясы аясында «AMANAT» партиясы мен Еуразиялық банк өңірлік филиалының өкілдері бірлесіп ағаш екті. Жеміс  ағаштары Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің ауласына жаңадан салынған аллеяға сән бермек.  Мың түп туя, қарағай, сирень, айва, ақ үйеңкі және алма, тұт секілді жеміс ағаштары мен сәндік талдардың түрлері егілді. Экологиялық шараға қатысушылар оқу орны мен әлеуметтік нысан аумағын көгалдандыруға өз үлестерін қосып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған бастаманы қолдайтындарын жеткізді. Аймақта «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» акциясы да тұрақты түрде өткізіліп келеді. Жыл басынан бері  13 тоннадан астам қоқыс жиналған, 2000-нан аса көшет егілді. 

ӘБУТӘЛІП МҮТӘЛІ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Елімізді көркейту ол біріншіден өзімізден басталады. Сондықтан әрқайсымыз, табиғатты қорғап аялап, тал егіп ол талды егіп қана қоймай оны күтіп ұстап, осы «Таза Қазақстан» бастамасын барлығымыз қолдап, табиғатты қорап, болашақ ұрпаққа сақталып қалуын табиғатың атсалысып жүрейік.