$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтауда іскер әйелдер бас қосты

Ақтауда іскер әйелдер бас қосты

Ақтауда «Әйел және бизнес. NEXT ERA» атты аймақтық конгресс өтті. Ауқымды іс-шараға Маңғыстау облысы мен еліміздің өзге өңірлерінен 250-ден астам іскер әйел жиналды. Басқосуда цифрлық экономика, жасанды интеллект және өңірлік бизнесті дамыту мәселелері талқыланды. Іс-шараны Іскер әйелдер кеңесі, «ASMAR» қауымдастығы, «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты және «ORTAQ» альянсы ұйымдастырды. Жиында 19 сарапшы өз тәжірибесімен бөлісіп, бизнесті жүргізудің тиімді құралдарын ұсынды.

СӘУЛЕ САЛИХОВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осыдан екі жыл бұрын ғана өзекті болған, біз үйренуіміз керек деген маркетинг құралдары бүгінде ескіріп қалды. Өйткені қазіргі уақыт талабы бөлек: біз жасанды интеллектімен және жаңа технологиялар ұсынып отырған мүмкіндіктермен санасуымыз керек. Заман ағымы өте тез өзгеріп жатыр. Сондықтан, егер әйел адам өз бизнесін өрге дөңгелеткісі келсе, ол ісіне түбегейлі трансформация жасауы қажет.

ПАНИЯ САРМУРЗИНА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ МАНҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өңірімізде кәсіппен айналысатын жандардың 40 пайыздан астамы - әйелдер. Олар тек облыс көлемінде ғана емес, республикалық, тіпті халықаралық деңгейге шығып, аймақ пен ел намысын абыроймен қорғап жүр. Біздің «AMANAT» партиясы кәсіпкерлер мен қыз-келіншектерге әрдайым қолдау көрсетеді. Бұған партияның «Ауыл аманаты» және «Әйел Аманаты» жобалары дәлел. Сондықтан біз іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесе жұмыс істеуге әрқашан әзірміз.