Алматыдағы DefenseTech Hub алаңында жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелері талқыланды. Бұл - Қорғаныс министрлігі 2022 жылдан бері дамытып келе жатқан бастаманың бірі. Мақсат - технологиялық компанияларды, стартаптар мен инженерлерді армияға арналған шешімдерді әзірлеуге тарту. «AMANAT» партиясының хатшысы Александр Данилов пен Мәжіліс депутаттарына қорғаныс технологиялары бағытындағы әзірлемелер көрсетілді. Сонымен қатар «QAISAR» партиялық жобасының қатысушыларымен кездесу өтті.
ДИДАРБЕК ДІЛДАБЕК, “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қазақстандық 100-ге тарта бала дәл осы жобамен, осы армияға, бір сөзбен айтқанда, әскерге баратын болады. Енді 160 баланың ішінде кем дегенде бір 10-15 бала қатысқысы келіп, өзінің, жаңағы, бір сөзбен айтқанда, ниетін білдіретін болса, оның өзі үлкен жетістік болып саналады.