$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы тау кластері және «Almaty Superski» жобасы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі мен мәслихатының қолдауына ие болды

AstanaTV
19.05.2026ж. 19:00
Алматы тау кластері және «Almaty Superski» жобасы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі мен мәслихатының қолдауына ие болды

Алматыда жаңа аспалы жолдар, әртүрлі деңгейдегі шаңғы трассалары салынып, тау ауылы бой көтермек. Сондай-ақ Шымбұлақ пен Oi-Qaragai курорттарын өзара байланыстырып, біртұтас тау кластерін қалыптастыру көзделіп отыр. Алматы тау кластері және «Almaty Superski» жобалары Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі мен мәслихаттың қолдауына ие болды.

АЛЕКСАНДР РУДЕНКО, «ALMATY TAU MANAGEMENT» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әрине, бұл – үлкен серпін. Қаланың дамуына, туристер ағынының артуына оң әсер етеді. Әзірге жоба құны шамамен 450 миллиард теңге. 100 шақырымнан астам жаңа трасса ашу жоспарда. Сондай-ақ 28-ден астам жаңа аспалы жол салынбақ. Негізгі мақсат – «Медеу» базалық станциясын «Ой-Қарағай» базалық станциясымен байланыстыру.

Бұл бастамалар қаланың туристік әлеуетін арттырмақ. Экономикаға жыл сайын шамамен 300 млрд теңге көлемінде қосымша кіріс түсіреді деген болжам бар. 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. 

ЖАН ПЬЕР БАРАЛО, «ALMATY TAU MANAGEMENT» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Жаздан бастап іске кірісеміз. Келесі жылы құрылыс жұмыстарын бастауға мүмкіндік болуы үшін дайындық жүргізіледі. Біздің жоспар үш жылға есептелген. Сондықтан менің ойымша, 2028 жылы Кімасар мен Бутаковка бағыттары ашылады. Адамдар қыс мезгілінде шаңғы теуіп, жазда тауға шығып, жыл бойы демала алатын болады.