Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қол қойылған құжаттар:
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.