$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Құмар ойын ойнаған шенеунік лауазымынан айырылды

19.05.2026ж. 18:31
Құмар ойын ойнаған шенеунік лауазымынан айырылды
Фото: pixabay

Жетісу облысы Ақсу ауданының прокуратурасы мемлекеттік қызметші бола тұра құмар ойын ойнаған бір адамды жұмысынан босатты.

Дереккөз бұл адамның нақты қандай лауазымда болғанын хабарлаған жоқ.

«Ақсу ауданының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында әдеп нормасын өрескел бұзған шенеунікті анықтады. Атап айтқанда, мемлекеттік орган қызметкері заңмен белгіленген тыйымдарға қарамастан, құмар ойындарға қатысқаны белгілі болды», - деп хабарлайды прокуратура.