$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мәскеуде ауа температурасы рекордтық деңгейге жетті

20.05.2026ж. 07:32
Мәскеуде ауа температурасы рекордтық деңгейге жетті
Фото: Рixabay

Ресей астанасында ауа температурасы 30,5 градусқа дейін көтеріліп, рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы Гидрометорталықтың сайтында хабарланды.

«Краснопресненская» метро станциясының маңындағы ведомство ғимаратының шатырында орналасқан метеостанция 30,5 градус жылыны көрсетті.

 

Мұндай ауа температурасы 1979 жылы болған, ол кезде ауа 30,2 градусқа дейін жылыған. 19 мамыр ең суық күн 1893 жылы болып, температура -2,2 градусқа дейін төмендеген.