АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Иранға қатысты әскери әрекеттерді қайта бастауы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, соққы беру туралы шешім қабылдауға «бір сағат қалғанда» тоқтатылған, алайда жағдай қайта қаралуы мүмкін.
Ақ үйде журналистерге сөйлеген Трамп егер Тегеранмен келісімге қол жеткізілмесе, АҚШ жақын күндері жаңа соққылар жасауы мүмкін екенін ескертті. Оның айтуынша, Иран тарапынан келісімге келу туралы ұсыныстар түсіп жатыр.
Сонымен қатар Трамп АҚШ-тың басты талабы өзгермегенін, яғни Иранның ядролық қаруға ие болуына жол берілмейтінін атап өтті.
Иран жағы болса, керісінше, санкциялардың жойылуын, бұғатталған қаражаттың ашылуын және елге қарсы қысым шараларының тоқтатылуын талап етуде. Тегеран сондай-ақ АҚШ пен Израиль соққылары салдарынан келген шығындардың өтелуін де көтеріп отыр.
Сарапшылардың айтуынша, тараптар арасындағы келіссөздер күрделі әрі белгісіз күйде қалып отыр. Алайда дипломатиялық арналар толық тоқтаған жоқ.