Қазір денсаулық сақтау саласына бірыңғай салық енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұған дейін тегін медициналық көмек пен әлеуметтік медициналық сақтандыру аясындағы қызметтерге қолданылған нөлдік қосымша құн салығы жойылуы ықтимал.
Қазір дәрі-дәрмекке 5 пайыздық ҚҚС қолданылады. 2027 жылдан бастап оны 10 пайызға дейін көтеру жоспарланған.