Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қарағандыда Сирияға кетпек болған әйел 9 жылға сотталды

AstanaTV
06.02.2018ж. 20:00
2856
Қарағандыда Сирияға кетпек болған әйел 9 жылға сотталды

Қарағандыда Сирияға кетпек болған әйел 9 жылға сотталды. Бүгін Қазыбек би атындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот осындай үкім шығарды. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, 29 жастағы Жансая Таңатарова 2016 жылдан бері Сирия жасақтарымен әлеуметтік желі арқылы байланыста болған. Кәмелетке толмаған қайын інісін де содырларға қосылуға үгіттеген. Өзі 2017 жылы қыркүйек айында Сирия жауынгерлеріне медициналық көмек көрсетуді жоспарлап, Қарағандыдан шығар жолда ұсталған. Жансаяның күйеуі де былтыр «Лаңкестік» бабымен сотталыпты. Ал, әйелге Қылмыстық кодекстің «Террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру, даярлау не қаруландыру», «террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу» айыптары тағылған.

Қайрат Қасымов, Қазыбек би атындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

Айыпталушы ҚР ҚК-нің 259 бабы, 2 бөлігі және 257-інші, 24-інші баптарының 3 бөлігіне сәйкес айыпты деп танылсын. 9 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазаны қылмыстық - атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

Айжан ҚУАШ