Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Қазсушар» қызметкері қаза тапты

AstanaTV
06.02.2018ж. 20:00
2468
«Қазсушар» қызметкері қаза тапты

"Қазсушар" мекемесінің Алматы облысындағы филиал директорының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол Ұлттық бюро департаментіндегі тергеу кезінде 4-ші қабаттан секіріп, қаза тапқан болатын. Талдықорған ішкі істер басқармасының мамандары бұл істі "өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бабымен тергеп жатыр. Ұлттық бюроның ішкі қауіпсіздік департаменті де бұл дерекке қатысты қызметтік тексерісті бастап кеткен.

Қаза тапқан "Қазсушар" мекемесінің Алматы облысындағы директоры бұған дейін Ұлттық бюроның күдігіне іліккен. Олардың мәліметіне сүйенсек, мердігер компанияның тендер келісімшарты қаражатының 10 пайызын, яғни 17,4 миллион теңгесін заңсыз иемденген. Қаражат бөліп-бөліп берілген. 2 ақпан күні соңғы 400 мың теңгені алу кезінде қолға түскен. Ал Жемқорлықпен күрес Ұлттық бюросының аймақтағы департаментіне қосымша тергеу үшін жеткізілген көрінеді.