Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елдегі көмір тапшылығының себептерін анықтау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды

AstanaTV
06.02.2018ж. 20:00
2194
Елдегі көмір тапшылығының себептерін анықтау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды

Елдегі көмір тапшылығының себебін анықтау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар халықты қара отынмен қамтуда қандай қиындықтар туындағанын анықтап, үкіметке ұсыныс жолдамақ. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков Қарағанды облысындағы жұмыс сапарында айтты.

Ғани Сәдібеков, ҚР Энергетика вице-министрі:

Бүгінде жұмыс тобы жергілікті әкімдіктермен бірге неге көмір тапшылығы туындағанын  тексеріп, мониторинг жасап жатыр. Тапшылық оны тасымалдауда ма, жеткізуде ме, жуық арада анықталады. Өйткені көмір тапшылығы жоқ. Оған әкеліп соққан проблемалар болуы мүмкін.

Министр орынбасары «Шұбаркөл көмірі» АҚ-ның көмір разрезіндегі жағдаймен танысты. Халық тұтынатын өнімнің үштен бірі осында өндіріледі. Шұбаркөл көмірінің 70 пайызы экспортқа, қалған 30 пайызы ішкі нарыққа жіберіледі. Алайда, мамандар, бұл халықтың коммуналдық - тұрмыстық қажеттілігін өтеуге жетеді, деп отыр. 2017 жылы кәсіпорын 10,45 млн тонна көмір өндірсе, 2018 жылы 12 млн тонна көмір өндіруді жоспарлап отыр.

Андрей Сафонов, «Шұбаркөл көмір» АҚ өндіріс бойынша вице- президенті:

Көмірді жеткізуші компаниялар көп. Мүмкін, көмір былтырғыдан аз шығарған болар. Терең сараптама жасап, анықтау керек оны.  Бұрын басқа кәсіпорыннан алғандар қазір Шұбаркөлден алғылары келеді. Бізде көмір бар, бірақ ол халыққа жетпей жатқан шығар.