Алматыда Carlsberg Kazakhstan компаниясы Sustainable Partnership Awards сыйлығы аясында Қазақстанның үздік өндірушілерін марапаттады. Марапат отандық өндірісті дамытуға, тұрақты өндіріс тәжірибелерін енгізуге және ұзақмерзімді серіктестікті нығайтуға үлес қосқан қазақстандық компанияларға табысталды. Компания өкілдерінің айтуынша, халықаралық серіктестік жергілікті өндірушілерге технологиялық дамуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және шетелдік нарықтарға шығуға жаңа мүмкіндік береді. Оның ішінде Еуропалық одақ елдеріне экспорт әлеуетін кеңейтуге жол ашпақ.
Компания өнім өндірісіне қажетті шикізаттың 71%-ын қазақстандық жеткізушілерден сатып алады. Бұл отандық кәсіпорындарды қолдап қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, технологиялардың дамуы мен экономиканың өсуіне мүмкіндік беріп отыр. 2008 жылдан бері кәсіпорынның Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі 300 миллион АҚШ долларынан асты. Қазір елдегі азық-түлік өнеркәсібіндегі ең ірі 50 салық төлеушінің қатарында.
ЕРЖАН БЕКТЕМІРОВ, «БЕКСҰЛТАН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Carlsberg Kazakhstan компаниясына біз арпа өткіземіз, арпа өндіреміз. Carlsberg Kazakhstan компаниясымен серіктестік болғалы бері өндірісіміз дамып, жаңа деңгейге көтерілді. Техникалық базамызды жаңарттық. Инвестиция құйып жатырмыз.
2025 жылы компанияның салықтық аударымдары 37 бүтін оннан 2 миллиард теңге болды. Ал қызмет еткен жылдары 50-ден астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылған. Биыл кәсіпорын 1 литр өнім өндіруге небәрі 2 бүтін жүзден 16 литр су жұмсап, су тұтыну бойынша өз тарихындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Соңғы он жылда компания көміртегі қалдығын екі есеге жуық қысқартып, су тұтынуды 42 пайызға, ал электр энергиясын пайдалануды 50 пайыздан астам төмендеткен. {Компания басшылығының айтуынша, мұндай көрсеткіштер өндірістің экологиялық тиімділігін арттырып қана қоймай, тұрақты дамуға бағытталған нақты қадамдардың нәтижесін көрсетеді.
САЙМОН ХОФФМЕЙЕР, CARLSBERG GROUP КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
Біз Қазақстанда 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеміз. Бүгінде pepsico компаниясымен серіктестік орнатып жатырмыз. Бұл дегеніміз 230-дан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз дистрибьюторлар мен жеткізушілерді де жұмыспен қамтамасыз етіп келеміз. Бұдан бөлек, тұрақты даму мақсаттары аясында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Компанияда 500-ден астам штаттық қызметкер бар. Сонымен қатар, дистрибьюторлық компанияларда мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, жергілікті өндірушілермен әріптестікті кеңейту жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге және өндірістік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.