$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда әскери техникаларды жөндеу орталығы жаңғыртылды

AstanaTV
22.05.2026ж. 19:00
Алматыда әскери техникаларды жөндеу орталығы жаңғыртылды

Қазақстан бойынша әскери қару-жарақтарды жөндейтін өндірістік цех 43 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Алматыда Шекара қызметінің Техниканы және қару-жарақты жөндеу басқармасы 100-ге жуық заманауи технологиялармен жабдықталды. 27 «Танк» маркалы жеңіл автокөлік пен 3 арнайы техника табысталды. Іс-шараға шекара саласының ардагерлері, мәжіліс депутаттары мен түрлі қызмет өкілдері қатысты.

ДАНИЯР ДИШАНБЕКОВ, ТЕХНИКАНЫ ЖӘНЕ ҚАРУ-ЖАРАҚТЫ ЖӨНДЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМШЕ ҚОЙМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Неше түрлі станоктар келді. Солардың арқасында шекара заставаларына және шекара аумақтарына техникалар, қару-жарақтар уақытылы жеткізіліп отыр. 50-60 дана техникалар жібереміз. 2500-дей қару-жарақ және оптикаларды жөндейміз.

ЕРЛАН САКЕБАЕВ, ЗАПАСТАҒЫ ПОЛКОВНИК:

Бүгінгі күні өте көп жұмыс атқарылып жатыр. Жыл сайын, күн сайын, сағат сайын өзгереді техникалар нешетүрлері. Соның ішінде біздің шекара бұзушылар да өздерінің нелерін өзгертеді. Соған көмек ретінде осы завод сақталғанына мен өте қуаныштымын.