Жеңіл ақша іздеп, 20 жылын түрмеде өткізу. Шымкентте 800-ге жуық жасөспірім темір тордың ар жағында отырған құрдастарының ащы шындығын тыңдады. Жазғы демалыс қарсаңында құқық қорғаушылар мен білім басқармасы студенттер мен оқушыларды жинап , пайдалы шара өткізді.
Алаңсыз демалыс пен ғаламтордағы оңай олжа. Есірткі тасымалдаушы қылмыстық топтар көбіне мектеп оқушылары мен студенттерді нысанаға алады. Өйткені буыны қатпаған жастарды алдап, арбау оңай. Сол үшін оларға құрғақ заң тілімен емес, қателікке бой алдырған замандастарының тағдырын көрсетті. Шараның ерекшелігі де осында. Түрмеде жазасын өтеп жатқандар залмен тікелей бейнебайланысқа шығып, өз өкініштерін жеткізді.
ҚУАНДЫҚ АЙТБАЙҰЛЫ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ПРОКУРОРЫ:
Осы іс-шарада бүгін бейне байланыс арқылы сотталған қылмыскерлер өздерінің бастарыннан өткен және қалай осы ауыр жағдайға тап болғаны жайында түсіндірмелерін айтып кетеді. Біз ойлаймыз, олар тек теорияда емес, практикада көріп, осындай қылмыс жасаған жайғайда қандай ауыр жайтқа тап болатындығын көздері жетіп, іштей қабылдайды деп санаймыз.
Байқамай қалдым немесе білмедім деген сылтау заң алдында жүрмейді. Бір сәттік қызығушылық бүкіл өміріңе балта шабуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, жастардың құқықтық сауатын арттыру -бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта мұндай ескерту жиындары қалада дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
ҚУАНЫШ ЫСҚАҚОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Жастардың сана сезіміне сіңіру ғойғ мұндай нәрсе жасауға болмайтынын. Үнемі өткізіліп тұрады. Айына бір рет біз осылай жиналып тұрамыз. Нәтижесі болады деп сенемін. Өте әсерлі кездесу өтіп жатыр.
"Заң мен тәртіп" қағидаты аясында өткен бұл кездесу жүздеген жасқа ой салары анық. Өйткені қателікті өзгелердің тағдырына қарап түсіну, болашақты аман сақтаудың бір жолы болмақ.