$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақ үй маңында атыс болды

24.05.2026ж. 14:36
Ақ үй маңында атыс болды
Фото: hi-news.ru

АҚШ Құпия қызметінің мәліметінше, белгісіз ер адам бақылау бекетіне жақындап, қызметкерлерге оқ атқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті Мэриленд штатының 21 жастағы тұрғыны Насир Бест. Қауіпсіздік қызметкерлері қару қолданып, оны тоқтатқан. Кейін күдіктінің ауруханада көз жұмғаны хабарланды.

Атыс кезінде тағы бір адам жарақат алған. Қазір оқиға орнында Федералды тергеу бюросы мен арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.