Астанада биыл 27-29 мамыр аралығында өтетін Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын арнайы орындар белгіленді.
Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарланғандай, Айт намазы 27 мамыр күні таңғы сағат 06:00-де қаланың барлық мешітінде оқылады.
Құрбандық шалу рәсімі күн сайын сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін тек ресми түрде бекітілген орындарда ғана жүргізіледі. Осы мақсатта елордада бес мамандандырылған алаң белгіленді:
Құрбандық шалу рәсімін арнайы белгіленген орындардан тыс жерде өткізуге болмайды.
Мереке қарсаңында тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық талаптарды сақтауы қажет. Мамандар етті тек тексерілген орындардан сатып алуды, өнімнің сақталу жағдайына назар аударуды, сондай-ақ жеке гигиена мен санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады. Сонымен қатар, мал союдан қалған қалдықтарды белгіленген тәртіппен кәдеге жарату қажет, оларды қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге тастауға тыйым салынады.