$541.34 €640.73 ₽6.53
×

6 өңірде өрт қаупі жоғары

25.05.2026ж. 12:21
6 өңірде өрт қаупі жоғары
Фото: ТЖМ

Қазақстанның бірқатар өңірінде төтенше өрт қаупіне байланысты дауылды ескерту жарияланды. Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Жетісу және Алматы облыстарында өрт қаупінің ең жоғары 5-сыныбы жарияланды.

Еліміздің солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал шығыста жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

«ТЖМ азаматтарды далада от жағуға, ашық алаңда темекі тартпауға, шөпті қураған ағаштардың жанында жағпауға шақырады», – делінген ТЖМ хабарламасында.