$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда онкологиямен ауыратындар көбейді

25.05.2026ж. 12:45
Алматыда онкологиямен ауыратындар көбейді
Фото: pixabay

Алматыда биылғы төрт айда 2 мыңға жуық қатерлі ісік дерегі тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. 

Бұл туралы Алматы онкологиялық орталығы директорының орынбасары мәлімдеді.

Бүгінде Алматы қаласы бойынша төрт айдың қорытындысымен 2 мыңға жуық қатерлі ісік анықталып, есепке қойылды. Әрине, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жоғары. Бірақ бұл тұрғындарды қорқытпауы керек. Өйткені бұл - онкологиялық орталық мамандары мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметкерлерінің сапалы диагностикалық жұмысының нәтижесі, – деді ол.

Маманның айтуынша, Алматыда бірнеше жылдан бері онкологиялық аурулардың ішінде сүт безі қатерлі ісігі бірінші орында тұр.

Қалада бірнеше жылдан бері құрылым бойынша ең жоғары көрсеткішті сүт безі обыры алып келеді. Бұл да ауруды бұрынғыдан көбірек әрі ерте анықтай бастағанымызбен байланысты, – деді Жанна Кужаева.

Оның сөзінше, бүгінде есепке алынған науқастардың шамамен 18 пайызында сүт безі қатерлі ісігі анықталған.

Онкологиялық орталық өкілдері соңғы жылдары емделушілер саны да айтарлықтай артқанын айтады. Жоғары анықтау көрсеткішінің арқасында ем алушылар саны бірнеше есе көбейген.

Қазіргі таңда емдеу көлемі бірнеше есе өсті. Мысалы, 2018 жылмен салыстырғанда өсім 121 пайыздан асты, – деді орталық директорының орынбасары.

Биыл Алматы онкологиялық орталығында 9 жарым мыңға жуық адам ем қабылдаған. Бұл да былтырғы көрсеткіштен жоғары.

Жанна Кужаева мұны тек есепке алынғандар санының артуымен емес, Алматыға өзге өңірлерден келетін науқастар санының көбеюімен байланыстырды.