Медициналық ұйымдарға берілетін лицензияның мерзімі бес жылмен шектелуі мүмкін. Мұндай ұсыныс пластикалық хирургия саласындағы даулы жағдайлардан кейін талқыланып жатыр. Алматыдағы пластикалық хирургия клиникаларының бірінде блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базарханның көз жұмуына байланысты тексеріс басталған. Ал Маңғыстауда көз жұмған депутат ем қабылдаған клиникада бірқатар бұзушылық анықталып, іс материалдары құқық қорғау органдарына жолданған. Елде пластикалық хирургия қызметін көрсететін екі жүзден астам клиника жұмыс істейді. Оның басым бөлігі -жекеменшік медициналық орталықтар. Соңғы жылдары бұл салаға қатысты тұрғындардан түсетін шағым көбейген.
БАУЫРЖАН ЖҮСІПОВ, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Пластикалық хирургия клиникаларына шағым түсу бойынша 92 жоспардан тыс тексеру жүргізген. Соңғы 5 жылдың ішінде жүргізген тексерулер. Енді тексерістердің нәтижелері әртүрлі. Өлім жағдайы тіркелген жағдайлар бар. Сонымен қатар, көбіне шағымдар.