Мектеп бітіру кешін мейрамханада ұйымдастыруға тыйым салынды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты. 11-сынып түлектеріне аттестат табыстау рәсімі 17–18 маусым күндеріне жоспарланған. Іс-шараны тек білім беру ұйымдарының базасында өткізу тапсырылды. Ал 29 мамыр мен 15 маусым аралығында қорытынды емтихандар өтеді. Білім сынағының ашықтығы мен академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін материалдар білім беру ұйымдарына тікелей емтихан күні жолданады.
ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:
Мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға және заңсыз қаражат жинауға тыйым салынды. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы қабылданды. Әкімдіктер бұл мәселені ішкі істер органдарымен бірлесіп қатаң бақылауда ұстауы өзекті.