$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда Еркінқала-2 ауылы тұрғындары жаңа мектепті пайдалануға беруді талап етті

Атырауда Еркінқала-2 ауылы тұрғындары жаңа мектепті пайдалануға беруді талап етті

Атырауда Еркінқала-2 ауылында  жаңа мектеп қаңырап тұр. Тұрғындардың айтуынша, білім ордасын былтыр қыркүйек айында  ашамыз деп қуантып, оқушылардың тізімін алған. Алайда жыл бойы  қырық сылтаумен, балаша алдап келді, дейді. 

Оқу жылы аяқталса да ауыл тұрғындарында маза жоқ .Шенділер құрылысы біткен жаңа білім ошағының есігін ашпай отыр деп өкпелі. Ата-аналар  3 ауысыммен оқып,  қас қарая бір қайтатын балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды. Тіпті ауыл арасында   мектептің  сапасына туралы алып-қашпа әңгіме айтыла бастаған.

ГҮЛЗИРА СЕМҒАЛИЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Тізесі тозды. Күнде жылма-жыл бізден спика сұрайды. Список сұрағанмен артында нәтиже болмаған соң  біз неге береміз? Біресе лицензия жоқ, біресе апатты жағдай, берілген соң 2 жылдан соң  жабылады дейді.  Рас па, өтірік пе білмейміз. Не мұғалім жоқ дейді , ішінде су кетіп жатыр, ішінде жарық пайда болды деп  бізге ашылады деп айтады да  артынан мынада  әңгімелер айтып отырады.

АБАЙ НҰРМҰХАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Ана жерден ақау шықты, мына жерден ақау шықты деп. Сенуден қалдық енді. Осыны құнттайтын адам әрі қарай  алып кететін басшылар бола ма, болмай ма?

Еркінқала ауылындағы 680 орындық жалғыз мектепте екі мыңнан астам бала  6 күн бойы 3 ауысыммен білім алады.  Сондықтан мұндағы жұрт  ұл-қызын қалаға тасымалдауға мәжбүр.  Ауыл тұрғындары мектеп қазығы 2000 жылы қағылды десе, шенділер құрылыстың   2023 жылы басталғанын айтты. Нысанның паспорты ілінбеген.   

РАЙЫМБЕК  ХАМЗАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

2023 жылы басталды. Жоба түзетуге кірді себептермен. Мемлекеттік сараптама енді. Қорытындысы алынды. Қайтып басталды.  Ендігі талон бойынша мерзімі қазірге келіп тұр. Енді қабылдаймыз. Біз берген ескертудерді жояды. Кепіл мерзімі бар.

Ал мердігер мекеме басшылығы  құрылыс бойынша тиісті мамандардан ешқандай ескерту болған жоқ,- деп шорт кесті. Айтуынша, былтыр мерзімінен бұрын аяқтауға тырысқан. Бірақ түрлі құжаттар мен қаржылық жағдайға байланысты мерзімінде пайдалануға береміз деп шештік ,- дейді.

АЯН ХАЛИУЛЛИН. ТАРАЗ ҚҰРЫЛЫС ИНВЕСТ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

Жабдықтары қамтамасыз етіліп, құрылыс жұмыстары бәрі бітіп тұр. Біз  бұл мектепке 5 жыл гарантия береміз. 5 жылдың ішінде қандай  ақаулар шыққан жағдайдың өзінде  болады есіктердің, кафелдердің ауыстыратын кездері болады.  Бәрін өзіне іргетасынан бастап, шатырына дейін кепілдік береміз.

Көптен күткен мектептің ішіне аралауға асыққан тұрғындарды құрылысшылар   зорға кіргізді. Қабырғада қазірден -ақ  жарықтар пайда болып, сылақтары түсіп жатыр. Бұл әрлеу кезіндегі жай жарықтар, мән бермеңіздер,- деді мердігер компания өкілі алаңсыз.  Жауаптылар уәдеден тайқымаса, білім ошағы биыл қыркүйекте балаларды қабылдайды.