$464.71 €531.26 ₽6.05
×

Ұрланған телефондарды сатып алғандар жауапкершілікке тартылады

26.05.2026ж. 17:14
Ұрланған телефондарды сатып алғандар жауапкершілікке тартылады
фото: pixabay

Биыл полицейлер смартфондарды қолды қылған 700-ден астам күдіктіні ұстаған. Сондай-ақ, ұялы телефон жымқырумен айналысқан 12 қылмыстық топтың жолын кесті.

Тағы 900-ден астам қылмыс ашылған. Қолды болған телефондар иелеріне қайтарылды.

Құзырлы орган өкілдері азаматтарды жеке заттарына мұқият болып, сақ жүруге шақырады.