$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мектептерде БЖБ мен ТЖБ алынып тасталуы мүмкін: мәселе талқыланып жатыр

27.05.2026ж. 14:43
Мектептерде БЖБ мен ТЖБ алынып тасталуы мүмкін: мәселе талқыланып жатыр
фото: ҚР оқу-ағарту министрлігі /ЖИ

Мектепте БЖБ мен ТЖБ-дан біртіндеп бас тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Оның орнына диктант, мазмұндама, шығарма секілді дәстүрлі бақылау жұмыстары кеңірек қолданылуы мүмкін. Ведомство қазір мектептердегі бағалау жүйесіне қатысты ауқымды талдау жүргізіп жатыр. Әсіресе оқушыларға түсетін жүктеме мен бағалау тәсілдерінің тиімділігі жан-жақты саралануда. Осыған байланысты мектептерде бөлек бақылау жұмыстары кезең-кезеңімен енгізіле бастаған.

Сонымен қатар министрлік 2025-2026 оқу жылындағы 1-11 сыныптарға арналған БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларына арнайы талдау жүргізген. Ведомство оқушылардың жауаптары мен тапсырмалардың мазмұнын саралаған. Алайда кейбір білім беру жүйелерінде БЖБ мен ТЖБ нәтижелері толық жүктелмегені анықталған.

Тамыз конференциясына дейін қай сыныптарда БЖБ мен ТЖБ сақталатыны, ал қай деңгейлерде басқа бағалау формалары енгізілетіні нақты белгілі болады.